Орта мектепті Семейде тәмамдаған. Футбол клубымен 16 жасында келісім-шартқа отырып, футболмен кәсіби түрде айналысқан.
Шетелдерде b2b қызметін дамыта жүріп, бизнесте тәжірибе жинақтаған.
2016 жылы Алматы қаласына көшіп келіп, құрылтайшылардың бірі ретінде EA Group Holding холдингін құруға атсалысты.
EA Group Holding холдингінде стратегиялық басқарумен айналысады және компанияның қаржы қызметі, финтех салаларына инвестиция құюына, тікелей және венчурлік инвестицияларына жетекшілік етеді, сонымен қоса капиталды басқарады.