2014 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық ассамблеясы жанындағы Халықаралық экономика және құқық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби жолын Санкт-Петербургтегі Raiffeisenbank бөлімшесінің жетекшісі көмекшісі қызметінен бастаған. 2019 жылға дейін корпоративтік клиенттермен жұмыс және несие менеджері болып еңбек еткен.
2020 жылғы наурызда мамандығын түбегейлі өзгертіп, журналистикаға бет бұрған. Алғашында Medialeaks интернет-басылымында тілші болып жұмыс істеп, кейін жаңалықтар бөлімінің редакторы қызметін атқарған.
2024 жылы іскерлік бағыттағы «Курсив» газетінің сайтында LifeStyle бөлімінің концепциясын әзірлеп, іске қосуға жауапты болған әрі корреспондент болып жұмыс істеген.