ru
Алишер Идрисов

Алишер Идрисов

Операциялық директор EA Group Holding
  • «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында University of Kansas оқу орнын 2010 жылы «Психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан 2012 жылға дейін білім саласында жобалық менеджер және жалпы білім беру мектептеріндегі процестерді автоматтандыруға қатысты ІТ-жобада психология бойынша консультант болып жұмыс істеген.
  • 2012 жылдан 2020 жылға дейін Ernst&Young компаниясында маркетолог, кейіннен EY ішкі университетінде оқытушы-консультант болып, сонымен қатар ірі мультиұлттық және халықаралық компанияларда істеді.
  • 2020 жылы EA Group Holding командасына ұйымдық даму менеджері ретінде қосылды. Бұл қызметте 5S, OKR, психометрия, операциялық және жобалық менеджмент, стратегиялық басқару сияқты түрлі жүйелерді енгізумен, сонымен қатар, ұйымдық артекфактілерді құжаттандырып, өзектендірумен айналысты.
  • 2022 жылы EA Group Holding аясында мәліметтермен жұмыс істеу жүйесінің интеграторы – DataGo компаниясын іске қосты, ол мәліметтерді жинаумен, өңдеумен, визуализациямен және сараптаумен, сонымен қатар мәліметтермен жұмыс істеуге арналған АІ қолданумен айналысады.