
Қазақстандағы білім беру жобаларын қолдауға арналған гранттық байқауға Tamyr Platform сайты арқылы өтінім қабылдау басталды.
Байқауға мектеп немесе жоғары білім беру салаларындағы білім берудегі теңсіздікті азайтуға, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ балалар, жастар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған бастамалар қатыса алады.
Өтінімді толтырмас бұрын, гранттық байқаудың толық шарттары мен талаптарын оқып шығуды ұсынамыз. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, жоба бағыттары, іріктеу критерийлері және өтінімдерді қарастыру үдерісі көрсетілген.
Өтінім екі тілде қолжетімді:
— қазақ тілінде өтінім беру;
— заполнить заявку на русском языке.
Өтінімді толтырмас бұрын қатысушыларға өз жобаларына қатысты мәселенің сипаттамасы, ұсынылған шешім, мақсатты аудитория, іске асыру мерзімі, күтілетін нәтижелер, команда құрамы және бюджет секілді ақпаратты алдын ала дайындауды ұсынамыз.
Өтінімді толтырған кезде нақты және тексерілетін жауаптар беру маңызды. Ұсынысыңызды жалпы мәлімдемелермен шектемеуді, оның орнына жоба шешетін мәселені, ол кімге арналғанын, қалай жүзеге асырылатынын және қандай нәтижелерге қол жеткізуді көздейтінін түсіндіруді сұраймыз.
Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін барлық жобалар ішкі сараптамадан өтеді. Гранттық байқаудың жеңімпаздары Tamyr Education Forum 2026 форумында жарияланатын болады.