ru
Дереккөз: Tamyr Platform
Дереккөз: Tamyr Platform

Tamyr Platform Қазақстандағы балалар мен жастарға арналған білім беруді дамыту саласында практикалық шешімдер ұсынатын командалар мен жас лидердерді гранттық байқауға қатысуға шақырады.

Tamyr Platform EA Group Holding инвестициялық холдингі және EA Charity fund корпоративтік қорымен құрылған.

Байқау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 шілдесінен 31 тамыз сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Өтінімдер орыс және қазақ тілдерінде қабылданады. Байқау қорытындысы 2026 жылдың 10 қыркүйегінде жарияланады.

Гранттардың саны мен көлемі

Байқау нәтижесі бойынша бес-жеті білім беру жобасы іріктеліп алынады. Жеңімпаздардың әрқайсысы 10 млн теңгеге дейінгі көлемде грант ала алады.

Жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

Басым бағыттар

Жобалар білім алушылардың негізгі оқу дағдыларының деңгейін көтеруге, кәсіптік бағдар беру мен қосымша білім беруді дамытуға, сондай-ақ білімдегі олқылықтарды азайтуға бағытталуы мүмкін.

Бұл бағытта оқытудың заманауи құралдарын енгізу, мұғалімде мен білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар мектептерді, жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарын техникалық жабдықтау бойынша жобалар қарастырылады.

Жобалар мұғалімдер мен тәлімгерлердің (мұғалімдер, ата-аналар) кәсіби және цифрлық дағдыларын дамыту бағдарламаларын, менторлық қолдауды, кәсіби қоғамдастықтар құруды және білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге арналған заманауи құралдарды енгізуді қамтуы мүмкін.

Бағыт аясында буллингтің алдын алуға, мұғалімдер мен білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуге, тәжірибе алмасу және өзара көмек мәдениетін дамытуға, сондай-ақ мұғалімдердің білім беру бастамаларына байланысты жобаларға қолдау көрсетіледі.

Бұл бағытқа осал топтардан шыққан білім алушыларды қолдайтын, инклюзивті ортаны дамытатын және білімге тең қолжетімділікті нығайтатын жобалар жатады.

Кімдер өтінім бере алады 

Өтінім беруші кез келген ұйымдық нысандағы жеке немесе заңды тұлға бола алады.

Қатысуға:

— балалар мен жастарға арналған қосымша, кәсіптік бағдар беру және инклюзивті білім беру орталықтары;

— білім беру стартаптары;

— мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері;

— білім беруді дамыту бағытында жұмыс істейтін командалар мен жас лидерлер шақырылады. 

Өтінім берушінің жасы 21-ден жоғары болуы тиіс.

Жоба Қазақстан аумағында іске асырылуы керек. 

Жобаның дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

Жобалардың мақсатты аудиториясы: байқауға балалар мен жастарға арналған білім беруге бағытталған жобалардан өтінімдер қабылданады. Бұл білім алушылардың (мектеп оқушылары, студенттер) өздеріне немесе олардың тәлімгерлеріне (мұғалімдер, ата-аналар) арналған бастамалар болуы мүмкін. Басқа ересек аудиторияға арналған жобалар байқауға жіберілмейді. 

Қатысуға іске асыру сатысында тұрған және алғашқы расталған нәтижелері, аяқталған пилоттық нұсқасы немесе жұмыс істеп тұрған өнімі бар жобалар қабылданады.

Тек идея сатысында ғана тұрған жобалар байқауға қатысуға жіберілмейді. 

Қалай қатысуға болады 

Қатысу үшін 2026 жылдың 31 тамызы сағат 23:59-ға дейін Tamyr Platform сайтында орыс немесе қазақ тілінде өтінім толтыру қажет.

Толық толтырылмаған өтінімдер мен байқау шарттарына сәйкес келмейтін жобалар қабылданбайды. 

Іріктеу кезеңдері 

  1. Техникалық іріктеу
    Ұйымдастырушылар өтінімдердің толықтығын және олардың байқау шарттарына сәйкестігін тексереді. 
  2. Сарапшылар кеңесінің қарауы
    EA Charity fund Сарапшылар кеңесі іріктеуден өткен өтінімдерді қарап, жобалардың шорт-листін қалыптастырады. 
  3. Сұхбат
    Келешегі бар деп танылған командалар онлайн-сұхбатқа шақыру алады, оның барысында өз жобасын таныстырып, іріктеу комиссиясының сұрақтарына жауап бере алады. 
  4. Сарапшылар кеңесінің дауыс беруі
    Өтінімдерді қарау және сұхбат қорытындысы бойынша Сарапшылар кеңесі бес-жеті жобаны таңдап алады. 
  5. Нәтижелерді жариялау
    Байқау қорытындысы 2026 жылдың 10 қыркүйегінде жарияланады. Барлық өтінім берушілер қабылданған шешім туралы өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарлама алады. 

Жеңімпаздар құжаттар пакетін дайындап, шартқа қол қоюы қажет. Грант қаражаты жобаның іске асырылу барысына қарай транштармен аударылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылдың 27 қазанында Алматы қаласында өтетін Tamyr Education Forum 2026 финалы аясында өтеді. Форум Narxoz Business School және Teach for Qazaqstan қолдауымен ұйымдастырылған. 

Өтінімдерді бағалау критерийлері 

  1. Команданың құзыреттілігі
    Қатысушыларда жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті тәжірибенің, білімнің және ресурстардың болуы. 
  2. Жобаның даму сатысы
    Жобаның әрі қарай іске асырылуға дайындық деңгейі және оның ауқымын кеңейту әлеуеті. 
  3. Мәселенің өзектілігі
    Жобаның мақсатты аудиторияның шынайы қажеттіліктеріне және білім беру саласындағы өзекті мәселелерге сәйкестігі. 
  4. Жоба идеясының нақтылығы
    Нақты тұжырымдалған мақсаттардың, міндеттердің, іске асыру жоспарының және күтілетін нәтижелердің болуы. 
  5. Жобаның тұрақтылығы
    Гранттық қолдау аяқталғаннан кейін жобаның ұзақ мерзімді даму әлеуеті, соның ішінде қаржылық және ұйымдастырушылық тұрақтылығы. 
  6. Бюджеттің негізділігі
    Сұралып отырған қаржыландыру көлемінің жоба мақсаттарына, міндеттеріне және нарықтық бағаларға сәйкестігі. 
  7. EA Charity fund миссиясына сәйкестігі
    Жобаның қордың басым бағыттарына және қуатты, жауапты әрі гүлденген қоғамның іргетасын қалайтын қоғамдастықтарды нығайту жөніндегі миссиясына сәйкестігі. 
  8. Әлеуметтік әсер ету әлеуеті
    Жобаның мақсатты аудиторияға тигізетін оң әсерінің ауқымы, маңызы мен тұрақтылығы.