
Tamyr Platform 2026 ашық байқауының қорытындысы бойынша SAFE TEAM, «Қауіпсіз қарым-қатынас», PedLab және Lesson Study Lab Kazakhstan жобаларыгранттық қолдауға ие болады.
Осы жылы ашық байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 764 өтінім келіп түсті. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрып, жобалар EA Charity Fund миссиясы мен басымдықтарына сәйкестігі, мәселенің маңыздылығы, әлеуетті әлеуметтік әсері, іске асыру мүмкіндігі, ұзақ мерзімді нәтижесі және тәжірибелік құндылығы сияқты бірқатар критерийлер негізінде бағаланды.
Лисаковск қаласынан шыққан SAFE TEAM жобасы инклюзивті білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Гранттық қолдаудың арқасында қаладағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жалғыз түзету сыныбы қосымша STEAM-, робототехника және түзету-дамыту жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Жоба ерекше білім беру қажеттіліктері бар 30 баланы және 30 жоғары сынып оқушыларынан тұратын еріктілер тобын біріктіруді көздейді.
«Қауіпсіз қарым-қатынас» — Орталық Азия мектеп психологтары қауымдастығының жобасы. Қазақстанның алты өңірінде 300 педагог, мектеп психологтары және әдіскерлерге жасөспірімдермен жеке шекара, келісім, салауатты қарым-қатынас және қауіпсіз мінез-құлық тақырыптары бойынша жұмыс істеу әдістері үйретіледі.
PedLab: «Тәлімгерлік арқылы тең мүмкіндіктер» — ауыл мектептерін, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтерін және Еуразия ұлттық университетінің студенттерін біріктіріп, сапалы STEM/AI-білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған жоба. Бір жыл ішінде команда Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы алты ауыл мектебімен жұмыс істеуді жоспарлап отыр: 120–150 оқушыға практикалық сабақтар өткізу, педагогтер үшін әдістемелік сапарлар мен онлайн-семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ тәлімгерлік жүйесі мен PedLab цифрлық платформасын дамыту.
Павлодарлық LessonStudy Lab Kazakhstan жобасы Lesson Study тәсілін, яғни мұғалімдердің мектеп сабақтарын бірлесіп зерттеуі мен талдауын дамытады. Жоба аясында 24 педагогикалық бейнекейс әзірленіп, Қазақстанның әр өңірінен мұғалімдер білім беру тәжірибелерін зерттеу мен талдауға қатысатын болады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 27 қазанда Алматы қаласындағы Narxoz Business School-да өтетін Tamyr Education Forum 2026 аясында ұйымдастырылады. Форумның ұйымдастырушысы — Tamyr Platform, бас серіктесі — EA Charity Fund, серіктестері — Narxoz Business School және Teach for Qazaqstan.
Tamyr Education Forum 2026-ға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркелу қажет. Орын саны шектеулі. Алдын ала тіркелу осы сілтеме арқылы немесе tamyrplatform.com сайтының басты бетіндегі сілтеме арқылы қолжетімді.