
Tamyr Education Forum 2026-ға тіркелу ашылды. Форум Қазақстандағы мектеп білімін дамытуға арналады және 27 қазан күні Алматы қаласындағы Narxoz Business School-да өтеді.
Іс-шараға қатысу тегін, алайда алдын ала тіркелу қажет.
Tamyr Education Forum Қазақстандағы мектеп білімін дамытуға мүдделі модераторларды, педагогтерді, білім беру бағдарламалары мен ұйымдарының өкілдерін біріктіреді.
Форумның негізгі тақырыбы — білім берудегі теңсіздік және мектептер арасындағы ресурстар, жұмыс жағдайлары мен оқушылардың қажеттіліктеріндегі нақты айырмашылықтарды ескеретін шешімдерді іздеу.
Білім беру саласындағы жалпы жобаларға бағытталған Tamyr Platform 2026 ашық байқауынан айырмашылығы, форум нақты мектеп білімін дамытуға бағытталған.
Күні бойы қатысушылар әріптестерінің тәжірибесімен танысып қана қоймай, бірлескен жұмысқа тікелей қатыса алады. Бағдарламаның негізгі бөлігі қатар өтетін үш интерактивті сессияларға арналады.
Олар білім беру бағдарламаларын бейімдеу және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру, әртүрлі білім беру жағдайларында ортақ стандарттарды қолдану, сондай-ақ мектептердің нақты қажеттіліктеріне жауап беретін серіктестіктер мен бастамаларды дамыту мәселелеріне арналады.
Сессиялар аяқталған соң қатысушылар қайтадан бірге жиналып, жұмыс нәтижелерін талқылайды, қорытындыларымен бөліседі және әрі қарай дамытуға болатын идеяларды анықтайды.
Бағдарлама аясында нетворкинг, Tamyr Platform 2026 ашық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және ашық микрофон сессиясы да өтетін болады.
Форумға қатысу саны шектеулі. Сондықтан іс-шараға қатысу жоспарыңыз нақты болса ғана тіркелуіңізді сұраймыз. Егер тіркелгеннен кейін жоспарларыңыз өзгерсе, бұл туралы ұйымдастырушыларға хабарлауыңызды өтінеміз, соның арқасында босатылған орынға басқа қатысушы келе алатын болады.
Күні: 2026 жылғы 27 қазан
Өтетін орны: Narxoz Business School, Алматы қ.
Қатысу: тегін, алдын ала тіркелу қажет
Алдын ала тіркелу осы сілтеме арқылы немесе tamyrplatform.com сайтының басты бетіндегі сілтеме арқылы қолжетімді.