ru

EA Charity fund Алматыда «Мама Про» қорымен ынтымақтастық бастады

Сурет: EA Charity fund
Сурет: EA Charity fund

EA Charity fund «Мама Про» әлеуметтік тұрғыдан осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының Алматыдағы филиалымен ынтымақтастық бастады. Қор дамуында ерекшелігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған төрт арнаулы курсты қаржыландыратын болды.

Серіктестік қаңтарда басталып, 2026 жылдың аяғына дейін жүреді. Осы аралықта «Мама Про» қамқорлығындағы адамдар отбасыларды психологиялық тұрғыдан қолдап, ата-аналарды балаларды дамыту әрі сүйемелдеу процесіне қатыстыруды көздейтін білім беру бағдарламаларына қатысады.

Ынтымақтастық аясында орыс және қазақ тілінде екі психологиялық курс өткізу жоспарланып отыр. Курстар әйелдерге арналған: дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеудегі эмоция және мінез-құлық аспектілерін үйренуге сеп болады. Сондай-ақ «Мама Про» тренинг орталығын тәмамдап шығатын әйелдерге арнап бизнес-акселератор өткізбек.

Тағы бір бөлек бағыт — әкелерге арнап әзірленген «Папа Про». Курс отбасындағы әкенің орны мен жөні, баланы қолдау мәселесіне және отбасы ішінде серіктес қарым-қатынас құру тақырыбына арналады.

Жоба бағдарламасына дамуында ерекшеліктері бар балалардың бауырларына арналған бөлек курс кірмек. Білім беру моделі эмоциялық жағынан қолдауды көздейді және қатысушыларға отбасындағы өзгерістерді дұрыс бағамдап, өз алаңын түсінуге сеп болмақ.

2018 жылы негізі қаланған ұйым ата-аналардың психологиялық орнықтылығын арттыру жолында жұмыс істеп келеді: білім беру бағдарламаларын, соның ішінде эмоциялық қолдауды, балалармен қарым-қатынас машықтарын үйретіп, жеке және кәсіби білікті арттыратын үйрететін трениңдер ұсынады. Жұмыс істеп келе жатқан жылдары «Мама Про» қоры жүзден астам әйелге кәсіпкерлік машықтарын меңгеріп, өз ісін ашуға  көмектесті.