ru

Қордың директоры Айдар Бөрібаевпен сұхбат


EA Charity Fund қоры EA Group Holding холдингінің әлеуметтік инвестиция бағыты ретінде негізі қаланды. Қор 2024 жылдың қараша айында ресми тіркелгенге дейін холдинг ұзақ жылдар бойы қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетіп келді. Бірыңғай тұжырымдамасы бар, әлеуметтік кәсіпкерлікке бағытталған құрылымдық инвестициямен айналысу туралы ой дәл сол уақытта туындады. EA Charity Fund қорының директоры болып Reuters, Forbes редакцияларының бұрынғы саяси журналисі, бұған дейін «Курсив» іскерлік газеті онлайн-редакциясының шеф-редакторы болған, Medialeaks медиа-платформасының негізін қалаушы Айдар Бөрібаев атанды.

«Қазақстан мен Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау ниеті қордың барлық қамқоршыларынан, оның ішінде EA Charity Fund бас директоры Ерік Аубакировтан туындады. Жұмысы сәтті жүріп тұрған барлық бизнесмен сияқты, Ерік оң өзгерістер болғанын қалады».

Қордың миссиясы қалыптасқан жағдайды өзгерте алатын, жергілікті және жаһандық әлеуметтік мәселелерді шеше алатын кәсіпкерлерді біріктіріп, қолдауға негізделген.

«Ондай жандар көп, бірақ, қаржысы, өзара байланысы жоқ. Біз әлеуметтік кәсіпкерліктің деңгейін қазіргі дәрежеден де барынша жоғары көтергіміз келеді. Тек коммерциядан басқа қоғамға пайдалы болатын дүниелермен айналысуды қалаймыз».

EA Charity Fund қамқоршылар кеңесіне холдингтің топ-менеджерлері кіреді – Ерік Аубакиров, Виктор Синенко, Алишер Идрисов, Мадина Рустамова, Мадина Аюханова және Александр Лихтман. EA Charity Fund серіктестерге өз қаражатынан ғана көмектеседі. Қор корпоративті болғандықтан, заңды және жеке тұлғалардан ешқандай қаржы жиналмайды.

EA Charity Fund серіктестерді таңдауда бірнеше маңызды факторды назарға алады: команданың беделі мен өзара әріптестік жобасының тиімділігі. Кейбір серіктестеріміз – Батырхан Шөкенов атындағы Қор, OYLA балалар журналы мен Қазақстандағы онкология жоғары мектебі туралы сайтымызда толығырақ баяндалған.

«Коммерциялық немесе коммерциялық емес жоба екені бізге маңызды емес. Бастысы – бағытымыз бір болып, бір-бірімізге сенім арту. Бұл, мысалы алғанда, жүзеге асыру үшін 10 мың АҚШ доллары немесе одан 10 есе көп қаржы қажет ететін бастамалар болуы мүмкін. Және, әрине, есептілік пен аудит болуы керек».

Болашақтағы жоспарларды талқылай отырып Айдар Бөрібаев қор үшін 2025 жылдың маңызды екенін атады. EA Charity Fund тіркеуден соң тікелей қайырымдылық жасаудан қызықты әрі Орталық Азия үшін жаңа бағытқа бет алды.

«Біз әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған акселераторды іске қосуды жоспарлап отырмыз».


Tamyr Platform акселераторының мақсаты – әлеуметтік бастамаларға инвестиция құю арқылы адамдардың өміріне оң өзгерістер әкелуге ықпал жасау. Акселерация өтінімдерді – қордың миссиясы мен тұжырымдамасына сай келетін және алдағы уақытта қоғамға барынша әсер ететін жобаларды іріктеуден басталады.

«Бір қарағанда ондай жобалар өзгеше көрінуі мүмкін – адамдар пайда таппай-ақ қоғамға оң өзгерістер әкелуді қалайды».

Tamyr Platform бағдарламасы акселерациядан сәтті өтетін жобалар үшін жетекші сарапшылардың оқытып-үйретуінен, тәлімгерліктен және грантпен қолдаудан тұрады.

«Біз қатысушыларды Орталық Азия елдерінің бірінде жинаймыз, онда командалар бағалы білімге, сараптамаға, нетворкинг мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар, қажет болған жағдайда, өз жобаларын қайта қарап, бейімдей алады. Осылайша жетілдірілген стартаптар сарапшылар кеңесіне ұсынылады».

Қызықты әлеуметтік жобалар акселерациялық бағдарламадан тыс, тұрақты түрде EA Charity Fund қорынан қаржыландырыла алады.

Егер Сіз EA Charity Fund қорымен әріптестік орнатуды қаласаңыз, біздің поштамызға хат жіберіңіз немесе әлеуметтік желіде хабарлама жазсаңыз болады. Біз барлық хатты оқимыз. Акселерацияға өтінім беру үшін Tamyr Platform сайтындағы форманы толтырыңыз, жобалар сай болуы тиіс талаптарды да сол жерден табуға болады. Қор ірі жобаларды да, жергілікті әлеуметтік мекемелерді де қолдауға дайын, бірақ, ең бастысы, «қоғамдағы өзгеріс» тек сөз жүзінде қалмайтын жобалар болуы тиіс.