ru
Студентки высшей школы онкологии в Казахстане

Қазақстандағы Онкология жоғары мектебі

Дипломнан кейінгі медициналық білім алуға қатысты IPSM.KZ жобасында дәрігерлер халықаралық стандарттарға сай оқиды. Мектеп резиденттері, болашақ онкологтар елімізде жұмыс істейді.

Екінші ағымдағы семейлік студенттер. IPSM.KZ архиві (International Postgraduate School of Medicine Kazakhstan)

2023 жылдың маусым айында Қазақстанда онколог болуды армандайтын талантты дәрігерлерге әлемдік деңгейдегі стандарттарға сай оқуға мүмкіндік беретін бірегей мектеп ашылды. Дипломнан кейінгі медициналық білім алуға қатысты IPSM.KZ халықаралық жобасы (International Postgraduate School of Medicine Kazakhstan) Санкт-Петербургтегі Онкология жоғары мектебінің құрылтайшылары, онкологтар Илья Фоминцев пен Вадим Гущиннің серіктестігімен іске қосылды.

Санкт-Петербургтен – Астанаға

Илья Фоминцев онколог қызметін 2002 жылы Ленинград онкологиялық диспансерінде бастады. 2000-жылдардың басында, анасы сүт безінің қатерлі ісігінен қайтыс болған соң Илья қатерлі ісіктің алдын алу және ағарту жобаларына ауысады.

«Мен қайырымдылықпен 2010 жылдан бастап айналысып келемін. Ол – «Не напрасно» атты қатерлі ісіктің алдын алу қоры болатын. Стипендия туралы ой енді туындаған кез еді. Басында біз онколог болуды армандаған, бірақ, қатерлі ісіктен қайтыс болған 17 жасар Саша Садовникова атындағы стипендия құрмақ болдық. Идея сол кезде пайда болғанымен, іске аспай қалды. Бірақ, білесіз бе, идея ешқашан ұмытылмайды», – деп еске алады Илья Фоминцев.

2015 жылы Санкт-Петербургте Онкология жоғары мектебі ашылды, ол кейінірек қазақстандық IPSM.KZ жобасына негіз болады. Осы уақыт аралығында мектеп 120-дан астам маманды даярлап шығарды, олардың әрқайсысы жылына 500-ден астам пациентті емдейді.

2022 жылдың ақпан айында Илья Фоминцев соғысқа қарсы пікірін білдіріп, одан кейін Израильге қоныс аударуға мәжбүр болады.

«Ресейде қалудың ешқандай жолы қалмады. Мен саяси тұрғыда қолайсыз кейіпкерге айналдым. Израиль Ресейден көшіп кетуге ыңғайлы жалғыз ел болды. Ресейде қалып, жұмыс істеуіме мүмкіндік бермейтіндерін түсіндім», – дейді Илья.

Мектеп жұмысын Қазақстанда дамыту шешімі кездейсоқ қабылданған жоқ. Ол ойға қазақстандықтардың Ильяның идеясына реакциясы мен еліміздің аумағының үлкендігі түрткі болды.

«Менің Қазақстанда танысым болған жоқ, мүлде».

IPSM.KZ дегеніміз не?

Бірінші ағымдағы студенттер клиникалық тәлімгер Мейрам Мамлинмен бірге. IPSM.KZ архиві
Бірінші ағымдағы студенттер клиникалық тәлімгер Мейрам Мамлинмен бірге. IPSM.KZ архиві

IPSM.KZ – бұл тек дәрігерлерді халықаралық стандартпен оқыту ғана емес. Мектептің мақсаты әлдеқайда кең. Резиденттер алған білім Қазақстан медицинасын өзгертіп, оған онкологиялық пациенттермен жұмыс істеудің заманауи әдістерін әкеледі. Мектеп түлектері жаңа буын мамандар қатарын толықтырып, олар елдегі барлық онкологтардың кемінде 20 пайызын құрайды. Оқудың маңызды шарты және мектеп назар аударатын басымдық – IPSM.KZ студенттері Қазақстанда жұмыс істеуге қалады.

«Мектепті аяқтаған резиденттер бос қалмайды. Ол дәрігерлер елімізге барынша мол пайда тигізетін орындарға баруын қамтамасыз етеміз. Біздің мақсатымыз – мектеп түлектері шетелдерге кетпейтіндей жағдай жасау. Бұл – талантты жастарды Қазақстанда қалдырудың бір әдісі», – дейді Илья.

Мектеп Илья Фоминцев әріптестерімен, НКО саласындағы мамандармен бірге құрған израильдік IHEA (International Health Equity Agency) ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Студенттердің оқуы қалай жүреді

Бірінші ағымның студенттері жүзбе-жүз кездесуде, оқытушы – Максим Котов. IPSM.KZ архиві
Бірінші ағымның студенттері жүзбе-жүз кездесуде, оқытушы – Максим Котов. IPSM.KZ архиві

IPSM.KZ резиденті атанғысы келетіндер әділ конкурстық іріктеуден өтеді. Конкурстың бірінші және екінші ағымынан Астана, Алматы, Қарағанды және Семейден келген 27 қазақстандық өтті. Студенттер жобаның серіктестері – Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Қарағанды медицина университеті мен Семей Медицина университетінің резидентураларында білім алуда. Мұнымен қатар мектеп шәкірттері оқытушылармен бірге біліктіліктерін арттырады. Бұл біліктіліктің көбісі посткеңестік аймақтарда жүйелі түрде оқытылмайды:

Оқытуды жауапкершілікпен ұйымдастыру және алған білімді меңгеруді тұрақты түрде бақылау – IPSM.KZ жобасының басқа білім жобаларынан басты айырмашылығы. Мектепті тәмамдаған дәрігерлер емтихан тапсырып қана қоймай, онкологиядағы пациенттерді тиімді емдеуге толық дайын болуы тиіс.

Оқу екі жылға жалғасады.

«Резиденттің таңы клиникалық тәлімгермен – қызметтегі қазақстандық дәрігермен бірге клиникада жұмыс істеуден басталады. Әр апта сайын кеңес ұйымдастырылып, онда резиденттің пациенттің жанында өзін қалай ұстайтыны сарапталады. Кешке шәкірт ағылшын тілін үйренеді, біздің мақсатымыз – оның тіл білімін С1-С2 деңгейіне дейін көтеру. Ал демалыс күндері студенттер оқытушылармен бірге аурудың нақты жағдайлары мен заманауи ғылыми мақалаларды талқылайды. Жылына 5 рет Қазақстанға әлемнің барлық өңірінен IPMS командасы жиналып, бетпе-бет кездесулер өткізеді. Мектептің әр түлегі беделі жоғары халықаралық ұйымның сертификатын алуға емтихан тапсыра алады, оған кететін шығынды IPSM.KZ төлейді».

Оқудың екінші жылында студенттер АҚШ, Еуропа және Израильде іс-тәжірибеден өтеді. Резиденттер онкологияға қарсы күресте көшбасшы саналатын елдерде жинаған тәжірибесін елге алып қайтады. Қазақстан клиникаларындағы өзгеріс жоспарын жасап, енгізу – түлектердің мектеп бітіру жұмыстары. Қазақстандық дәрігерлер де оқытуды үйрене жүріп, IPSM.KZ жобасындағы тәлімгерліктен білімін арттырады.

Оқытушылар – The best of the best

IPSM.KZ академиялық директоры – Вадим Гущин. IPSM.KZ архиві
IPSM.KZ академиялық директоры – Вадим Гущин. IPSM.KZ архиві

IPSM.KZ жобасында әлемнің үздік онкологтары – Қазақстан, Израиль, Ресей, АҚШ, ОАР және Европа елдерінен жиналған 46 дәрігер жұмыс істейді. Ол командаға Илья Фоминцев The best of the best деп баға береді.

Жобаға Ильямен бірге Вадим Гущин жетекшілік етеді. Ол – Ресейден 90-жылдары қоныс аударған, қазір АҚШ-та жұмыс істеп жүрген хирург-онколог, Петербургтегі Онкология жоғары мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Жеке практикада 20 жылдық тәжірибесі бар. Вадим емделген пациенттер және перитонеальды канцероматоз тақырыбына жарияланған материалдар саны бойынша жұмысы әлемдегі ең өнімді саналатын Балтимордағы хирургиялық орталықты басқарады.

«Академиялық директор болып беделді америкалық онколог Вадим Гущин қызмет етеді. Ол заманауи дәлелді медициналық білім тұжырымдамасымен терең айналысады. Бағдарламалық директорлар – Санкт-Петербургтегі Онкология жоғары мектебінің түлектері, тәжірибелі дәрігерлер. Бағдарлама үйлестірушісі Маша Цыпкина бір жылдары біздің қорда іс-тәжірибеден өткен еді, сәтін салып ол да Астанаға келіп отыр. Операциялық басқарумен Екатерина Кочнева айналысады. Команда толығымен мәдениетті, дәлелді білім туралы түсінігі бар адамдардан құралған, олардың барлығының Петербург Онкология жоғары мектебіне қатысы бар», – деп қосады Илья.

IPSM.KZ және EA Charity Fund серіктестігі туралы

Қазақстандағы онкология жоғары мектебі қайырымдылық қаржысымен жұмыс істеп келеді. Жобаға алғашқы күннен бастап қамқоршылық қордың төрағасы Ерік Аубакировтың басқаруымен EA Charity Fund қоры қолдау көрсетеді.

«Ерікпен бізді FaceBook таныстырды. Мен оның хабарламасын спамның арасынан тауып алдым. Ондағы хабарламаларды өшірмеңіздер, арасында маңыздысы да болуы мүмкін. Ерік бізге қандай да бір көмек көрсете аламыз ба деп сұрады. Осылайша Еріктің көмегімен біз жобаны бастап кеттік. Ал оған дейін түрлі көмек көзін іздеуге тура келетін болар деп ойлаған едік. Біздің қиналып жүргенімізді көрген Ерік көлемді қаржы бөлді. Ол жобаға соншалықты ықыласпен қарап, арамызда өте жақсы қарым-қатынас орнады. Ерік болмаса, мектеп те болмас еді».

Қазақстанға Онкология жоғары мектебі не үшін қажет

Бірінші ағымдағы студенттер клиникалық тәлімгер Қайрат Қожамбердинмен бірге. Богдан Куделидің фотосуреті
Бірінші ағымдағы студенттер клиникалық тәлімгер Қайрат Қожамбердинмен бірге. Богдан Куделидің фотосуреті

IPSM.KZ дамуының пайдасын қатерлі ісіктен Қазақстанда емделетін адамдардың санымен өлшеуге болады.

«Бізге өз орындарында жұмыс істейтін және пациентке баса назар аудару қағидатын ұстанатын түлектер қоғамдастығын құру керек. Ондай дәрігерлердің пациенттерден басқа достары жоқ, аурухананың, мемлекеттің немесе жеке мүддесі болмайды. Тек пациенттер ғана бар. Пациентке залалы тиюі мүмкін ойлардан арылу – оқудың кезеңінде біз студенттердің бойына енгізетін негізгі кәсіби біліктілік», – дейді Илья Фоминцев.

IPSM.KZ жобасының дамуына 366 417 321 теңге жұмсалды, оның ішінде 349 217 321 теңгені EA Charity Fund бөліп отыр. Бір студентті оқыту бағасы мектепке орта есеппен 42 141 840 теңгеге түседі. Бұл – қымбат жоба, дегенмен, біздің медицинамыздың болашағын қалай өзгертуі мүмкін екенін ескерсек, Қазақстанға қажет жоба.

Высшая школа онкологии в Казахстане инфографика