ru

Сұрақ-жауап

  • Қордық негізін қалаушылар кімдер?

    Біз корпоративтік қор және EA Group Holding холдингінің құрамдас бөлігі ретінде құрылдық.

  • Неліктен әлеуметтік инвестициялау қорын құруға шешім қабылдадыңыздар?

    Холдингіміздің компаниялары мен серіктестері әлеуметтік кәсіпкерлікпен ұзақ жылдар бойы өз алдына бөлек айналысып келді. Сәті түскен бір күні барлық бастамамызды бірыңғай корпоративтік қор аясында біріктіру туралы шешімге келдік.

  • Қордың қаржыландыру көзі қандай?

    Қор тек EA Group Holding қаражатымен ғана қаржыландырылады.

  • EA Charity Fund мақсаты қандай?

    Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да мемлекеттеріндегі әлеуметтік өзгерістердің белді драйвері болу. Біз акселерация аясында әлеуметтік кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, стартаптарды, ҮЕҰ мен инфрақұрылымдық жобаларды қолдау арқылы жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмыз.

  • Tamyr Platform акселераторы стартаптар үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады?

    Tamyr Platform сіздерге құқық, қаржы, digital және маркетинг салаларындағы үздік эксперттермен байланыс орнатуға көмектеседі. Сонымен қатар біз сіздердің бизнес-жоспарларыңызды жақсартамыз, нәтижеге қол жететін мерзім белгілеп, гранттардың көмегімен жобаларыңызды дамытуға көмектесеміз.

  • Tamyr Platform жобаларды іріктеуге нені басшылыққа алады?

    Акселератор негізгі мақсаты – басқа адамдардың өмірін жақсартуды көздейтін Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларды қолдайды. Біз команда мен оның қатысушыларының беделіне назар аударамыз. Бізге серіктестіктен барынша әсер болатын стартапты іске қосып, жүзеге асыру маңызды.

  • Акселератордан өткен жобалар қалай қаржыландырылады?

    Біз акселерация бағдарламасынан сәтті өткен командаларға грант ұсынамыз. Егер құйған қаржының тиімділігін көрсек, кәсіпкерлерді жекелей шарттармен қолдауды жалғастырамыз.

  • Акселерацияға қатысуға қалай өтінім беруге болады?

    Tamyr Platform сайтындағы форманы толтыру керек. Қалай толтыру туралы нұсқаулық «Өтінім беру» айдарында жарияланған.

  • Сіздерге қалай жұмысқа орналасуға болады?

    Сіз кез келген уақытта біздің поштамызға хат жазып немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жеке хабарлама жібере аласыздар.