ru

Tamyr Platform «Трансформа» театрында достарының басын қосты

Сурет: Tamyr Platform
Сурет: Tamyr Platform

7 тамызда «Трансформа» театрында Tamyr Platform акселераторының достары бас қосқан жабық кездесу өтті. Кешке келген қонақтар жобаларды іріктеу принциптері, өтінім беру шарттары және әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының дамуы туралы ақпарат білді.

Кездесуде Tamyr Platform командасы акселератор жұмысын таныстырып, қатысушыларды іріктеу критерийлері және EA Charity Fund қорының төңірегінде әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығы қалыптасып келе жатқаны туралы айтты.

Соңынан қонақтар өтінім беру механикасы, бағдарламаның кезеңдері және акселераторға қатысудың беретін мүмкіндіктері туралы сұрақ қойып, пікір алмасты.

Кештің аяғында шығармашылық интерактив те болды: «Мама-про» тәлімгері Анна Чумак қонақтарға ара балауызынан майшам жасаудан мастер-класс өткізді. Қонақтардың бәріне жобаның шәкірттері жасаған сыйлық қорапшалар тарту етілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @tamyrplatform

EA Charity Fund қоры мен Tamyr Platform Орталық Азиядан шыққан жобалардың басын қосатын әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған акселератор ұйымдастырып жатыр. Бағдарлама қатысушыларға бастамаларының ауқымын кеңейтіп, серіктестер мен ниеттестер табуға көмектеседі.