ru

Tamyr Platform Алматыдағы Go Viral фестивалінде акселераторын таныстырды

Фото: IDEA Орталық Азия
Фото: IDEA Орталық Азия

Tamyr Platform Алматыда Go Viral жобасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған акселерация бағдарламасын таныстырды. Презентация жас көшбасшылар мен жауапты бизнесмендерге арналған алаң – GoNight  кешкі кездесуінде өтті. Іс-шараға қатысқандар әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін, халықаралық бейкоммерциялық ұйымдар тәжірибесін, бизнестің миссиясы мен жергілікті бастамалардың маңызын талқылады.

Іс-шара 27 маусымда Almaty Creative орталығында өтті. Спикерлер қатарында EA Charity Fund жоба менеджері Дастан Ақкожа да қатысып, Tamyr Platform  акселераторы идеясы туралы айтты, әлеуметтік кәсіпкер Айгерим Джаналинова әлеуметтік миссиясы бар стартаптар жасау туралы әңгіме қозғады, сондай-ақ режиссер Алмаз Кособаев шығармашылық пен бизнестің өзара қарым-қатынасы туралы ойларын ортаға салды.

Фото: IDEA Орталық Азия
Фото: IDEA Орталық Азия

Дастан сөйлеген сөзінде қайырымдылық дегенді қайта түйсіну туралы ой бөлісіп, әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауды көздейтін акселерация бағдарламасына анонс жасады.


Негізгі сынақтардың бірі – әлеуметтік қолдауға келгенде жүйелі ұстаным жоғы. Дастан бұрын EA Charity Fund қоры көмекке зәру адамдарға нақты қолдау беріп жүргенін, тек оған ресурс көп кететінін айтты.

Дастанның айтуынша, қор командасы зерттеу жүргізіп, Колорадо штатындағы жергілікті қауымдармен жұмыс істеп отырған Гейтс отбасының қорын үлгі қылған екен:

Олар бүкіл дүниені өзгертеміз демейді. Олар жай ғана Колорадодағы адамдардың өмірін өзгертсек деп,  жергілікті бизнесті, жергілікті кәсіпкерлерді қолдап келеді. Өзімізге сол идея қатты ұнады.

Соны түсінген соң команда қор стратегиясын соған сүйеніп құрды: жеке-жеке көмек бергеннің орнына, жүйелі шешімдер ұсынып, жергілікті жерде қызмет атқарып жатқандарды қолдаймыз деп ұйғарады. Сөйтіп әлеуметтік стартаптарды қолдайтын  Tamyr Platform акселераторын бастау идеясы туады.

Бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның 18 жастан асқан тұрғындары қатыса алады. Күзде іріктелген 20–25 кәсіпкер оқыту өтіп, өз бастамаларын іске асыруға  5–10 млн теңгелік грант алу жолында байқауға қатысады.

Біздің көздеп отырған аудиториямыз – бізден ақша алып отырғандар емес екенін, тіпті іс-шараларымызға қатысып жүргендер де емес екенін түсіндік. Біздің аудиториямыз – осы идеяны естіген, көрген, соны “жұқтырып” алғандар, – деді Дастан.

Дастан жобаны таныстырып болғаннан кейін іс-шара қонақтарының сұрақтарына жауап беріп, практикалық кейстері туралы, соның ішінде Семейдегі футбол клубы музейді қаржыландыруға көмектесіп жатқан бастама туралы да айтып берді.