ru

Tamyr Platform акселераторына Орталық Азия елдерінен 500-ден аса әлеуметтік кәсіпкер өтінім жолдаған

Сурет: ea charity fund
Сурет: ea charity fund

Tamyr Platform акселераторына 21 шілдеден  1 қыркүйекке дейін аймақтағы әлеуметтік кәсіпкерлерден 549 өтінім келіп түскен. Іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға 26 жоба өтті.

Анық байқалатын әлеуметтік әсері бар бастамаларды көздейтін бағдарламаға Орталық Азия елдерінің бәрінен қызығушылық жақсы болды. Бәрінен көп өтінім Қазақстаннан — ірі қалалардан да (Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент), шағын елді мекендерден де түскен. Бішкек пен Ташкенттегі кәсіпкерлер де белсенділік танытты. Мұндай қамту ауқымы география мен ресурс деңгейіне қарамастан, бүкіл аймаққа әлеуметтік өзгеріске деген ұмтылыс ортақ екенін көрсетті.

Ұсынылған жобалар түрлі бағытта болды: мүгедектігі бар адамдарға көмек те, осал топтарға да жұмыс беру де, тарих пен психология саласындағы ағартушылық бастамалар да, әйелдердің көшбасшылығын дамыту, экологиялық білім беру мен медицинаға қол жеткізу салалары да тыс қалған жоқ.

1–7 қазанда іріктеп алынған өтінім берушілер Tamyr Platform алғашқы резиденциясына қатысып, эксперттерден кеңес алады, бизнес-моделін дамытады, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы үздік мамандардың жан-жақты қолдауына ие болады. Резиденцияның негізгі спикерлері арасында Батырхан Шукенов атындағы Қоғамдық қордың директоры, мәдени жобалар продюсері Наргиз Шукенова, «Art&Creative Solutions» қоғамдық қорының негізін қалаушы Әлия Сандыбаева, EA Charity fund қоры мен Tamyr Platform директоры Айдар Бурибаев, IDEA Central Asia атқарушы директоры Айзат Русланова, John Galt бизнес-акселераторының жетекшісі Айсалкын Таласбекова, TEDx спикері Жанна Прашкевич, HR-директор Татьяна Ким және Künde кафесінің негізін қалаушы Мәулен Ахметов бар.