ru

Tamyr Platform әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған акселератор бағдарламасына өтінім қабылдап болды

Сурет: Tamyr platform
Сурет: Tamyr platform

Tamyr Platform акселераторы 1 қыркүйекте Орталық Азиядан шыққан әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған акселераторға қатысуға өтінім қабылдап болды. 21 шілдеде опен-колл ашылған сәттен бері 549 анкета түскен.

Акселераторға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның 18 жастан асқан азаматтары өтінім бере алды. Іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша 20–25 резидент эксперттердің қолдауымен өз идеяларын толық әлеуметтік жобаларға айналдыра алады.

Акселерация Алматыда, 1–7 қазанда өтеді. EA Charity Fund қоры қатысушылардың жол және жатын шығынын толық көтереді.

Акселератор аясында қатысушылар жобаларын іске қосып, ауқымын кеңейту жөнінде оқытушы модульдер өтеді, бизнес-моделін жақсарту жағынан жұмыс істейді, жеке кеңес алып, нетуоркиңге қатысады.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін резиденттер 5–10 миллион теңгелік грант алуға өтінім бере алады. Қаржылай қолдау туралы шешімді жобалар қорғалғаннан кейін Эксперттер кеңесі қабылдайды, грант алушылар шарт жасасып, міндетті түрде есеп береді.

Іріктеу қорытындысы 1–10 қыркүйек арасында жарияланады.

Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты Tamyr Platform ресми сайтынан білуге болады: https://tamyrplatform.com/tamyr-platform-2025/