ru

Tamyr Platform 10 млн теңгеге дейінгі грант беретін акселерация бағдарламасын іске қосты

Дереккөз: tamyr platform 
Дереккөз: tamyr platform 

EA Charity Fund қорының қолдауымен Tamyr Platform алғаш рет офлайн-резиденцияға өтінім қабылдай бастады. Бағдарлама 1–7 қазан аралығында Алматыда өтеді. Қатысушылар бір апта бойы сарапшылармен жұмыс істеп, қаржы саласынан бастап digital-ға дейінгі дағдыларын күшейтеді, сондай-ақ өз жобасын жүзеге асыруға 5–10 миллион теңге көлемінде грант ұтып ала алады.

Өтінім қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысу тегін. Өтінішті tamyrplatform.com сайтында беруге болады.

Әрекетті өз ауласындағы мәселені шешуден бастайтын батыл адамдар болашағымызды өзгертеді. Tamyr — тап сондай азаматтарға арналған орта. Біз айналасына жанашыр адамдарды қолдауға, идеяларды үлкен өзгеріс әкелетін күшке айналдыруға және Орталық Азияның әр қаласы мен ауылынан пікірлестер табуға дайынбыз, — деді EA Charity Fund пен Tamyr Platform директоры Айдар Бурибаев.

Резиденцияға 20–25 жоба қатысады. Бағдарламадан кейін қатысушылар идеясын Сарапшылар кеңесінің алдында қорғап, қаржыландыруға үміткер бола алады.

Бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан азаматтары шақырылады. Негізгі талап — идея әлеуметтік мәселені шешуді көздейді және кәсіпкер заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы керек.