ru

Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы «91-23» кітабы сатылымға қайта шықты

Дереккөз: EA CHARITY FUND
Дереккөз: EA CHARITY FUND

Батырхан Шөкенов атындағы қор EA Group Holding қолдауымен шығарған «91-23. Қазақстанның танымал музыкасы» энциклопедиясы редакцияланып қайта сатылымға шықты.

2024 жылғы қарашада «91-23» кітабы A’Studio тобы мен Батырхан Шөкенов орындаған әндердің авторы, композитор Еркеш Шәкеев сотқа арыз түсірген соң сатылымнан алып тасталған болатын. Шәкеев кітапта өзінің мүліктік емес және айрықша құқықтары бұзылған деп, 195 000 000 теңге өтемақы талап етіп арызданған.

Екі инстанцияда өткен сот кітапта контрафакт жоқ екенін, авторлық құқық нысандары заңсыз қолданылмағанын растап, оны зерттеу еңбегі деп таныды.

Кітаппен қатар Батырхан Шөкенов атындағы қор отыздан астам эксперттің еңбегі сот дауына себеп болғаны жөнінде медиажоба жасады. Жобаға оқиғалардың хронологиялық реті, кейске заң тұрғысынан талдау, халықаралық практикалар мен осы тектес жағдайларда әрекет ету ұсыныстары қамтылған.

«91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы» — Қазақстанның музыка сахнасы туралы зерттеу еңбегі, онда 400 артист, топ пен продюсердің аты аталады.