
20 желтоқсанда Семейде көрнекі безендірілген отбасылық «Сәлем, Семей!» жолбасшы кітабы таныстырылды. Басылым қаланы тұрғындардың өзінен жиналған жергілікті әңгімелер, сирек фактілер мен визуал бейнелер арқылы танытады.
Кітапқа «Прииртышье» өлкетану қауымдастығының материалдары және бей-жай қарай алмайтын белсенді қала тұрғындары жариялаған деректер негіз болған. Авторлар Семейдің мәдени қатпарларына, қаладағы жаңалықтар мен алғаш болған оқиғаларға ден қойған. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан аумағында футбол ойыны дәл Семейде туғаны туралы дерек айтылады.
Кітапты EA Charity fund пен Meloman Publishing қолдауымен Tentek Publishing House балалар баспасы шығарды.
Tentek пен Meloman Publishing бірлесіп, кейінгі жылдары Алматы, Астана және Қазақстанның табиғаты туралы кітаптар шығарып келеді. Сол серияның жаңа кітабы Семей қаласына арналып, EA Charity fund қолдауымен шыққанына қуаныштымын. Серияның әр кітабын тек Қазақстан мамандарын қатыстырып әзірлейміз, ал әрбірінің авторы және безендіруші иллюстраторы жергілікті креаторлар болады. «Сәлем, Семей!» кітабының иллюстрацияларын Невзоровтар отбасы атындағы музей жанындағы көркемсурет студиясының түлегі Анастасия Кухтурцева салды. Кітаптың мәтіні «Прииртышье» өлкетану қауымдастығының материалдары және белсенді қала тұрғындарының желіде жариялаған деректеріне қарай жазылды. Қала туралы әңгіме айту тәжірибесін ортаға салған журналист Руслана Шакабаевқа және осы кітапта айтылған әңгімені тексеріп берген Марат Сасановқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл кітап Семей тұрғындарына да, барша қазақстандықтарға да қызық та пайдалы болар деп сенемін, — дейді Tentek Publishing House бас редакторы Малика Кохан.
EA Charity fund директоры Айдар Бурибаев атап өткендей, қор ұзақмерзімді мәдени құндылықтар тудыратын бастамаларды қолдап келеді, ал осындай жобалар сан ұрпақ пен қала тұрғындары арасында диалог орнауына себеп болмақ.
«Сәлем, Семей!» кітабын әзірлеу ісіне қатыса алғанымызға қуаныштымыз. EA Group Holding Семей холдингі қызметкерлерінің көбі — Семей қаласының тумасы. Осы кітап Семей қаласына арналған талай басылымға жол ашып береді деп үміт етеміз, — дейді Айдар Бурибаев.
Кітаптың тұсаукесері 1890 жылы салынған бұрынғы диірмен болған үйде өтті. Тарихи ғимаратта қазір Pana Unique Semey қонақүйі мен Tary этно-кофеханасы орналасқан. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, Астана, Алматы, Семей мен Өскемендегі Meloman дүкендер желісінде сатылады, сондай-ақ музейлер мен маркетплейстерде қойылады.
«Сәлем, Семей!» кітабы сатылатын сауда орындарының толық тізімі:
Алматы
Астана
Семей
Өскемен
«Сәлем!» сериясы — Қазақстанның қалалары мен табиғатына арналған отбасылық көрнекі безендірілген жолбасшы кітаптар сериясы. Кітаптар жергілікті қауымдармен бірлесе отырып жиналған беймәлім фактілерді, жергілікті әңгімелер мен мәдени ерекшеліктерді визуал тілге салып жеткізеді. Жоба балалар мен отбасы аудиториясына арналған және қазақстандық авторлар, зерттеушілер мен иллюстраторлардың қатысуымен жазылады.