ru

Қазақстандағы IPSM онкология мектебі студенттердің үшінші легін қабылдады

Фото: IPSM.kz
Фото: IPSM.kz

Шілденің басында Астанада IPSM онколог-дәрігерлер, онкогематологтер, патоморфологтер мектебінің үшінші легіне қатысу байқауының офлайн финалы өтті. Жүздеген үміткердің арасынан дайындығы мен мотивациясы келіскен, білім деңгейі мен қарқынды оқып-үйренуге дайындығы жоғары екенін көрсете білген 16 қатысушы іріктеп алынды.

Іріктеу төрт кезеңде өтті. Алдымен үміткерлер IPSM.KZ ресми сайтында өтінім берген. Екінші кезең — онлайн-сынақта үміткерлердің негізгі медициналық білімі тексеріліп, мотивациялық хаты оқылды. Үшінші кезеңде онлайн-сұхбат өткізіліп, медицина жағынан терең білімі мен медициналық ағылшын тілі тексеріліп, құндылықтары мен ой толғай алу қабілетіне баға берілді. Финалда үміткерлер Эксперттер алқасымен офлайн-сұхбат өтіп, бар дайындығы мен мүмкіндігін көрсетуге тиіс болды.

Алдағы уақытта қатысушылар резидентураға түсіп, күзде басталатын оқу жылына дайындыққа кіріседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IPSM (@ipsmschool)

Үш жылда IPSM мектебіне оқуға ниетті 870 адамнан өтінім түскен. Қазір бірінші лекте 12 студент, екінші лекте — 15 студент оқып жатыр.

IPSM — Қазақстандағы халықаралық стандарттарға сай  онкология және онкогематология саласының мамандарын даярлайтын онкология мектебі. Мектептің бағдарламасы заманауи білім беру әдістеріне сүйенеді әрі шетелдік және қазақстандық эксперттердің сабақтарын, медициналық ағылшын тілі дәрістерін, клиникадағы жағдайлармен жұмыс істеуді қамтиды.Мектеп туралы толығырақ жобаның серіктесі — EA Charity Fund қорының парақшасынан білуге болады.