
Онколог, онкогематолог және патоморфолог дәрігерлерге арналған IPSM мектебінің бірінші легі 2025 жылғы 4 қазанда түлектер кешін атап өтті. 12 студент тәмамдап шыққан IPSM алғашқы легі Қазақстан медицинасын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.
Мерекелік іс-шара Астанадағы Esil Camp-те өтті. Қонақтарды ұстаздар мен әріптестері құттықтап, байқаулар өткізілді, түлектер торты кесілді. Торт рәміз ретінде үшінші лекке қатысып жатқан студенттерге берілді.




Биыл бағдарламаны үш онкогематолог, тоғыз үлкен ісік маманы, сондай-ақ еркін тыңдаушы форматында қатысқан бір студент тәмамдап шықты. Түлектерге меңгерген білік тізімі жазылған диплом және келешектегі онкология жетекшілері қауымдастығы қатарына қосылғанының нышанын білдіретін IPSM естелік төсбелгілері табысталды.
Өзіме бұл бір толқуы көп сәт болды: жаңа елде екі жылдан аса уақыт жұмыс істей жүріп, алғашқы шығарған түлектеріміз ғой. Аса қиын оқу бағдарламасының аяғына жете алған түлектерге де, жалпы, бір шоқ жоғары білікті маманға ие болған Қазақстанға да аса қуаныштымын. Жобаның нәтижелеріне бәріміз — клиникалар да, пациенттер де, бүкіл елдегі адамдар да қуанып жүрміз. Біз осы жоба қарапайым қазақстандықтарға қаншалық маңызды екені туралы жағымды пікірлерді көп естиміз, сол бізге шабыт сыйлайды әрі үлкен міндет те жүктейді. Әрине, ЕА қорына алғысымыз шексіз — сіздерсіз мұның бірі де болмас еді, — деп ой бөлісті мектептің негізін қалаушы Илья Фоминцев.

Дипломнан кейінгі медициналық білім беретін халықаралық жоба Қазақстанда 2023 жылы ашылған. IPSM келешекте дәрігер боламын дейтіндерге дүниежүзілік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндік беріп, оларға онкологиялық сырқаттармен қазіргі заманғы әдістер бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Мектептің бір ерекшелігі: ол дәлелдеме медицина концепциясында шешім қабылдау, дәрігерлерге арналған C2 деңгейіндегі ағылшын тілін, медициналық әдебиетті оқу және т.б. сынды ТМД елдерінде бірегей саналатын білік түрлерін үйретеді.