ru

Невзоров отбасы атындағы музейде EA Charity fund қолдауымен балалар көрмесі ашылды

Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі 

Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде қыс мезгіліне, жаңажылдық көңілді шаққа және мерекені күтіп алабұртқан көңілге арналған «Желтоқсанның жарқыраған кұйындары» атты балалар туындылары көрмесі ашылды.

Экспозицияға балалар салған суреттер, жаңажылдық бетперделер мен қағаз диорамалар қойылды. Туындылар түрлі техникаларды қолданып, түрлі материалдардан: акварель, гуашь, май, монотипия, линеры, киіз, саз, қағаз бен картоннан жасалған. Әр туындыда қыстың ертегідегідей келбеті, жанды бейнесі, қиял мен эмоцияға толы кеңістігі ашылады.

Көрермендер назарына «Сиқырлы түн», «Қыс қызықтары» сюжеттері, «Морозко» ертегісіндегі бейнелер, сондай-ақ «Періштенің жоғалған жоқтауы» сынды философиялық және лирикалық мотивтер ұсынылады. Көркемсурет студиясының әр оқушысы қатысқан көрмеге барлығы елу шақты туынды қойылды.

Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі

Көрме көңілді мерекелік атмосферада ашылды. Жас суретшілерді Ақшақар мен Көріпкел күтіп алып, оларды ойнатып, зейінін, білімі мен эрудициясын атап өтіп, жеңімпаздарға марапат, ал қатысушылардың бәріне мақтау қағазын берді.

Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Фото: Семейдегі Невзоров отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі

Көрмені EA Charity fund корпоративтік қоры қолдап, соның арқасында әр оқушының туындысы аталып, марапатқа ие болды. Экспозиция көрермендерге ашық әрі үлкен-кішінің бәрін қысқы ертегіге бойлап, балалар шығармашылығының жылуына бөленіп, таяп келе жатқан мерекенің көңіл күйін сезінуге шақырады.