ru

Невзоров отбасы атындағы музей жанындағы көркемсурет студиясының оқушысы Жапонияда өткен байқаудың жеңімпазы болды

Источник: EA CHARITY FUND
Источник: EA CHARITY FUND

Семейдегі Невзоров отбасы атындағы музейдің көркемсурет студиясының оқушысы Тлегенова Сенсей экология  тақырыбындағы «Табиғаттың үнін тыңдайық!» халықаралық балалар көркем туындылары байқауында бірінші орын иеленді.

25-халықаралық «Табиғаттың үнін тыңдайық!» экология тақырыбындағы сурет байқауын Жапонияның сапаға сеп болу ұйымы (JQA) Халықаралық сертификаттау ұйымдары желісімен (IQNET) бірлесіп, Токиодағы ЮНИСЕФ кеңсесінің қолдауымен өткізді. Байқаудың басты мақсаты балалардың назарын қоршаған орта мәселелеріне аударып, оларға табиғатты, оның құндылықтарын өзі қалай көретінін көркем шығармашылық көмегімен жеткізуге мүмкіндік беру. Туындыларда қоршаған ортаны қорғау және оның келешегіне жауапкершілікпен қарау тақырыптары көрініс тапқан.

2025 жылы байқаудың тақырыбы «Жердің үніне құлақ салайық» болды. Қатысушыларға біздің ғаламшар сөйлей алса, не дер еді, адамзатқа не айтар еді дегенді сурет тілімен жеткізу ұсынылды.

Байқауға әлемнің 72 елінен 9 000 туынды түскен. Сенсей ұстазы Ольга Феденеваның арқасында жеңіске жетті.

Невзоров отбасы атындағы көркемсурет музейі EA Charity fund серіктестерінің бірі. Бертінде қор көркемсурет студиясын жарақтап,  музейге 2026 жылы сабақ өткізуге керек құралдар берген.