ru

EA Charity қоры Семейдегі Абай атындағы театрдың жүріп-тұруы шектеулі көрермендеріне деп пандус орнатып бермек

Дереккөз: Gamal Gabbas коллажы
Дереккөз: Gamal Gabbas коллажы

EA Charity қайырымдылық қоры мен Семейдегі Абай атындағы театр жүріп-тұруы шектеулі театр көрермендеріне арнап пандус орнату жөнінде келісім жасады. 

Келісімге театр директоры Амангелді Бахтинов қол қойды. Пандус орнатқан соң театр ғимаратына мүгедектігі бар жандардың, егде көрермендер мен бесік арбасы бар ата-аналардың кіріп-шығуы оңай бола түседі. Med365 статистикасына сүйенсек, 2011–2023 жылдар аралығында Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар саны үштен бірге артып, 725 мың адамға жеткен, әсіресе Астанада, Актөбе және Жамбыл облыстарында көбейген. Абай облысында 25 000 мүгедектігі бар адам тұрады екен.

Амангелді Бахтинов 2023 жылғы ақпанда театр басшысы болып ресми тағайындалды, 2022 жылғы қыркүйектен бастап, сол кезге дейін басшы міндетін атқарушы болған. М.Төлебаев атындағы Музыка колледжін және Қырғыз мемлекеттік өнер институтын тәмамдаған. Мансап жолын Семейдегі «Дариға-ай» жастар театрында бастап, 2008 жылы театр директоры болды. 2014 жылдан Абай атындағы театрдың директоры орынбасары қызметін атқарып, енді сол ұжымның басшысы болып отыр.

Абай атындағы театр 1934 жылы ашылған және Қазақстанның шығысындағы ең байырғы театрлардың бірі саналады. Кезінде тұңғыш кәсіби қазақ театры болып, қазақ драматургиясы мен театр өнерінің дамуында маңызды рөл атқарған. 

Дереккөз: 2GIS
Дереккөз: 2GIS
Дереккөз: 2GIS
Дереккөз: 2GIS

EA Charity Fund қоры құрылғаннан күннен бері Қазақстан мен Орталық Азиядағы әлеуметтік бастамаларды, соның ішінде білім беру, мәдениет, медицина, экология және орнықты даму салаларындағы жобаларды қолдап келеді.