Евгений Суховтың «Көпір көрінетін пейзаж» туындысы Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы музей қорына табыстады. Картинаны «Невзоров музейінің достары» қоғамдық қорының қатысуымен EA Charity Fund корпоративтік қоры сатып алып, музейге сыйға тартты.
Музей директоры Татьяна Стромскаяның айтуынша, қорда суретшінің бірнеше еңбегі бар, алайда «Көпір көрінетін пейзаж» — оның шеберлігін ерекше танытқан жұмыс. Бұл еңбек осы музей үшін арнайы алынып отыр.
Суретші Евгений Сухов көзі тірісінде картиналарын достарына, таныстары мен музейге сыйлап жіберетін. Алайда бұл кезде суретшінің туындыларын сатып алуға музейдің мүмкіндігі болмаған.
Өкінішке қарай, ол кездері суретшінің жұмыстарын сатып алуға музейдің шамасы жетпеді. Картиналарды әлемнің түкпір-түкпіріндегі меценаттар мен өнер жанашырлары иеленіп жататын. Қазір Суховтың туындылары Германияда, Ресей мен АҚШ-та бар, — деді музей директоры.
Музей ұжымы EA Group Holding холдингінің бас директоры Ерік Әубәкіровке музей қорын толықтыруға үлес қосып, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
Семейде туған Евгений Викторович Сухов — талантты суретші, шебер колорист. Ол Семей өңірінің табиғатын асқан сүйіспеншілікпен бейнелеп, Семейдегі Ертіс бойының сұлулығын кенепке түсірген.
Сухов көркемсурет білімін дамытуға да зор үлес қосты. Ол Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетінде сабақ беріп, облыста балаларға арналған алғашқы көркемсурет мектебін ашып, кейін сонда директор болды. Бұл кезде де суретші қылқаламын тастаған жоқ.
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі — Қазақстандағы ең көне мұражайлардың бірі. Оның қорында қазақ, орыс және батысеуропалық суретшілердің 5 мыңнан астам туындысы бар.