ru

Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған Tamyr Platform 2025 акселераторының жеңімпаздары

фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров

Алматыда 7 қазанда Орталық Азияның әлеуметтік кәсіпкерлеріне арналған Tamyr Platform 2025 акселераторының жұмысы аяқталды. Резиденцияның ақтық сынына шыққан 10 финалиске жалпы сомасы 66 млн тенгелік гранттар беріледі.

Оқытудың алтыншы күні ololo басшысы Айсалқын Таласбекова, «Art&Creative Solutions» тең негізін қалаушы Әлия Сандыбаева мен өзге де спикерлердің дәрістері мен воркшоптарының алдында питчинг сессия өтті. Акселерацияға іріктеп алынған 26 жобаның ішінен 10 команда жеңімпаз атанды. Шешім қабылдаған Эксперттер тобының құрамына EA Group Holding топ-менеджерлері мен  EA Charity fund қайырымдылық қорының қызметкерлері кірді.

Мәтін және мультимедиа ақпаратты 3D-аватар көмегімен ым-ишара тіліне аударатын AI-платформа.

Қайта өңделген қоқыстан шатыр, қасбет материалдары мен универсал полимер құрылыс өнімдерін шығаратын желі құру.

Кентаудағы және оған таяу жатқан ауылдардағы аутизмге, Даун синдромына шалдыққан, патологиялық тіл бұзылысы бар балалардың денсаулығы мен психологиялық күйін қолдау.

Балалары буллинг көріп жүрген отбасыларды қолдау.

3 жасқа толмаған балалардың денсаулығындағы ақауға ерте араласуға мүмкіндік беретін Telegram-бот. Мақсаты — ата-аналарға баласының дамуындағы ықтимал ауытқуларды ертерек танып, шұғыл шара жасауға мүмкіндік беру.

Астанадағы «Кітапашар» деген жалғыз букинист дүкенін дамытып, әлеуметтік және мәдени кеңістікке айналдыру.

Балаларын жалғыз бағып отырған, жақындарына күтім жасауға тиіс болғаны себепті толық күн жұмыс істей алмайтын, кәсіби тәжірибесі не білімі жоқ, мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа тұрғызуға көмектесу.

Менталдық ауытқулары бар балалар мен олардың отбасына арналған жаттығу орталығын құру. Жоба өз-өзіне қызмет көрсету машықтарын үйретеді, әлеуметке араластырады, кәсіпке бағдарлайды, кәсіби машықтарды үйретеді.

«Трансформа» тәуелсіз театр және продюсерлік орталығы базасында театр мамандақтары бойынша білім беретін Transforma Online Lab онлайн-платформасын дамыту.

Астанадағы көп рет қолдануға болатын ыдысқа өлшеп азық-түлік салып, құйып беретін Zero-waste дүкені.

фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров
фото: Чингиз Гумаров