ru

Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған Tamyr Platform акселераторының сайты ашылды

Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлер мен инноваторларға арналған акселератор әрі медиаплатформа – Tamyr Platform өз акселерация бағдарламасы мен tamyrplatform.com ресми сайты іске қосылғанын жариялады. Платформа EA Group Holding холдингі мен EA Charity Fund коммерциялық емес қорының бірлескен бастамасы болып құрылған.

Иллюстрация: Gamal Gabbas
Иллюстрация: Gamal Gabbas

Акселератор Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан шыққан, әлеуметтік бизнес жүргізіп отырған не енді бастамақ ниетті кәсіпкерлерге, активистер мен креаторларға арналған.

Бағдарлама аясында жеті күн офлайн оқыту-үйрету іс-шаралары өтпек: қатысушылар эксперттерден қолдау мен кеңес алады, тәжірибе жүзінде жоба жасап көреді және ниеттестер арасында нетуорк қалыптастырады. Акселератор кәсіпкерліктің негізгі – идея қалыптасуынан бастап бизнес-модель жасау, заң және қаржы мәселелерін шешу, жобасын инвесторларға таныстыру және әлеуметтік желілерде ілгерілетуге дейінгі тақырыптарын қамтиды.

Бағдарламаның басты бағыттары арасында әлеуметтік кәсіпкерлікке кіріспе, жоба прототипін жасау, fuck up night форматы, бюджет құру, стартапты іске қосудың құқық жағынан ерекшеліктері, көзделген аудиторияны табу, медиамен өзара әрекеттесу және тағы басқа тақырыптар бар. Акселерацияға құпия спикер де – Tamyr Platform мен EA Charity Fund досы қатысады.

Бағдарламаның алғашқы легіне өтінім қабылдау 21 шілдеде басталады. Өтінімдер жобаның ресми tamyrplatform.com сайтында қабылданады. Онда аймақтағы кәсіпкерлер туралы кейінгі жаңалықтар мен әлеуметтік стартаперлерге арналған мақалалары бар медиакітапхананы да оқуға болады.

Резиденция 1–7 қазанда Алматыда өтеді.


Жоба Орталық Азия елдеріне қаратылған және тұрақты әрі әлеуметтік маңызы бар шешімдерді жасап жүрген адамдар мен идеялардың басын қосуды мақсат етеді.