2024 жылдан бері біз Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып келеміз. EA Charity Fund, сонымен қатар, әлеуметтік стартаптарға арналған акселераторға және білім беру, мәдениет, медицина мен спорт салаларында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға нақты қолдау көрсетуде.
Біз қор жұмысының қағидаттарына, қаржыландыру көзіне және әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған Tamyr Platform акселераторына қатысты ең жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын осында жинадық.
Батырхан Шөкенов атындағы қор EA Charity Fund қорымен бірге Батырдың материалдық емес құндылығын сақтаумен айналысып келеді, өнердегі жолын жаңа бастаған әртістерге BATYR LAB резиденциясы аясында қолдау көрсетеді және өз алдына бірегей саналатын «91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы» кітабын басып шығарады.
IPSM.KZ онкологтарды халықаралық стандартармен таныстырады. Жоба аясында Қазақстан, Ресей, АҚШ, ОАР және Еуропадан жиналған әлемнің үздік мамандарды жұмыс істейді.
OYLA ғылыми-танымдық журналы балаларға химия, физика, математика, медицина және биология туралы қызықты тілмен баяндап береді. Ол Қазақстанның мектептері мен кітапханаларында тегін таратылады.
Қордың директоры Айдар Бөрібаевпен EA Charity Fund құрылу тарихы, жұмыс қағидаттары, жобалар мен алдағы жоспарлар туралы әңгімелестік.
Біз Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері халқының молшылықта өмір сүргенін қатты қалаймыз. EA Charity Fund әлеуметтік кәсіпкерлікке, қоғамдық кеңістіктерге және позитивті идеялары бар адамдарға инвестиция құяды.